Елімізде бір жылда көкөніс және жеміс шырыны 17 пайызға қымбаттады
Energyprom.kz мәліметінше, өңірлік бөліністе сектордағы сусындардың басым бөлігі Алматы облысында өндірілді. Сондай-ақ көшбасшы өңірлердің үштігіне Нұр-Cұлтан қаласы және Қостанай облысы кіреді. 2021 жылы елімізде жеміс және көкөніс шырын өндірісі 66,6 миллион литрді құрады, жылдық өсім – 13,1 пайыз.
Деректерге сәйкес, жеміс шырындарының ішінде өндірістің көп бөлігін апельсин (6,4 миллион литр) және алма шырынын (4,9 миллион литр) құрайды. Көкөніс шырындарының ішінде қызанақ шырынын шығару 1,26 миллион литрге жетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 14,8%-ға көп.
Бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша жергілікті компаниялар бір жыл бұрынғы 51,2%-ға қарағанда жеміс және көкөніс шырындарына сұранысты (ішкі нарықта өткізу плюс экспорт) 58,3%-ға қамтамасыз етті. Нәтижесінде ішкі нарықта 30,7 мың тонна жеміс және көкөніс шырындары сатылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 9%-ға артық.
Осы жылдың мамыр айының қорытындысы бойынша ҚР-да көкөніс және жеміс шырындарының бағасы бір жылда 16,6%-ға өсті. Оның ішінде жеміс шырындары 16,5%-ға, көкөніс шырындары 19,2%-ға қымбаттады.