00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері жеті жылға сотталды

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері жеті жылға сотталды
ашық дереккөз

Қаржылық мониторинг агенттігінің Павлодар облысы бойынша аумақтық департаменті Ақсу қаласындағы су құбырын қайта жөндеуге бөлінген 340 миллион теңге бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады.

Ақсу қаласының құрылыс бөлімінің басшысы Мұздыбаев, «Дала» ЖШС директоры Рыспеков және техникалық қадағалау маманы Нұртазин іс жүзінде орындалмаған жұмыс актілеріне қол қойған. Қылмыстық әрекеттер нәтижесінде мемлекетке жалпы сомасы 340 миллион теңге, яғни аса ірі көлемдегі материалдық залал келтірілген. Ақсу қалалық соты Мұздыбаевты Қазақстан Республикасы президентінің атына оны мемлекеттік награда – «Ерен еңбегі үшін» медалінен айыру туралы ұсыныспен 7 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды, – делінген агенттік хабарламасында.

Ведомствоның мәліметінше, Павлодар облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Рысбековті 9 жылға, Нұртазинді 7 жылға бас бостандығынан айырды.