«7-20-25» ипотекалық бағдарламасының мерзімі ұзартыла ма
25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Бағдарлама 1 триллион теңге көлеміндегі қаржыландырудың индикативті сомасына жеткенше жалғасады. 2022 жылдың 14 сәуіріндегі жағдай бойынша "7-20-25" бағдарламасы бойынша 533,9 миллиард теңгеге 42 375 несие берілді. Бүгінгі күні «7-20-25» бағдарламасына түзетулер мен толықтырулар енгізуді Ұлттық Банк қарастырып отырған жоқ, – делінген Ұлттық банк хабарламасында.
Бұған дейін «7-20-25» жеңілдетілген ипотекалық бағдарламасы 2022 жылдың соңына дейін аяқталатыны хабарланған болатын.
Айта кетейік, «7-20-25» тұрғын үй бағдарламасының несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі – 7%. Ал бастапқы жарнаның мөлшері тұрғын үй құнының 20% құраса, несиені өтеу мерзімі – 25 жылға дейін созылады.
Ұқсас жаңалықтар
21 қараша, 2024
Мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылғандарға 574,8 млрд теңге жәрдемақы төленді
20 қараша, 2024
Биыл 403 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
19 қараша, 2024
Биыл көпбалалы отбасылар қанша жәрдемақы алды
19 қараша, 2024
2025 жылы қазақстандықтар декларация тапсырудан босатылады