00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстандықтар бір жылда 1,3%-ға көбейген

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстандықтар бір жылда 1,3%-ға көбейген
ашық дереккөз

Ұлттық статистика бюросының ақпараты бойынша, 2021 жылдың 1 наурызымен салыстырғанда халық саны 243,5 мың адамға немесе 1,3%-ға өсті.

Бұл ретте әйелдер – 51,4%-ды, ерлер – 48,6%-ды құрайды.

2022 жылғы қаңтар-ақпанда республика халқының табиғи өсімі 2021 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда (42,1 мың адам) 15,1%-ға төмендеп, 35,7 мың адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 11,50 адамды құрады, – делінген Ұлттық статистика бюросының деректерінде.

АХАТ органдарының деректері бойынша 2022 жылғы қаңтар-ақпанда туғандар саны 62,8 мың адамды құрады, бұл 2021 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 4,5%-ға аз (65,7 мың адам). 

Қайтыс болғандардың саны 27,1 мың адамды құрады, бұл 2021 жылғы қаңтар-ақпанға (23,7 мың адам) қарағанда 14,4%-ға артық. Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға 8,70 өлімді құрады.

Сонымен қатар жыл басынан бастап екі айда 1 жасқа дейінгі 537 шетінеген нәресте тіркелді. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (517 сәби қайтыс болған) балалар өлімі 3,9%-ға артты. Нәрестелер өлімінің коэффициенті 1000 туылғанға 8,55 жағдайды құрады.