Орфандық аурулармен ауыратын балалар «Қазақстан халқына» қорынан көмек алады
Оның айтуынша, қорғаға 126 млрд теңге түскен. Бұл айтарлықтай қомақты сома, ол елеулі жұмыс атқаруға мүмкіндік береді.
Біріншіден, Денсаулық сақтау министрлігімен және әкімдіктермен бірлесіп, бұл көмек ТМККК шеңберінде көрсетілуі тиіс екеніне қарамастан, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етусіз қалған орфандық аурулармен ауыратын науқастардың тізімі айқындалды.
Біз дәрі-дәрмекпен жеке қамтамасыз етуді қажет ететін орфандық аурулармен ауыратын 201 баланың бар екенін анықтадық. Тізім Денсаулық сақтау министрлігімен және жергілікті атқарушы органдармен жасалды. Сарапшылармен бірге білікті дәрігерлер, қамқоршылық кеңес мүшелері – біз көмек көрсете алатындай барлық ұйымдастырушылық мәселелерді пысықтауда. Қазіргі уақытта ең қиын нәрсе шетелдік дәрі-дәрмек өндірушілерімен тікелей байланыс орнату, дәрі-дәрмектің көбі елімізде тіркелген, бірақ соған қарамастан біз осы дәрі-дәрмекті өндірушілермен тікелей байланыс орнатамыз. Тіркелмеген препараттар бойынша да солай болады. Қазір осы компаниялармен келісімшарттар пысықталуда, - деді Б.Жәмішев.