00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстандықтарға құжаттың мерзімі аяқталғаны туралы SMS жіберіледі

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстандықтарға құжаттың мерзімі аяқталғаны туралы SMS жіберіледі
ашық дереккөз

Ішкі істер министрлігі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп осы жылдың 1 сәуірінен бастап жеке куәліктің немесе жүргізуші куәлігінің қолданылу мерзімінің аяқталуы туралы азаматтарды ұялы телефон нөміріне SMS-хабарлама арқылы алдын ала хабардар ету тетігі іске асырылды.

Бұл жаңашылдықты енгізу ең алдымен азаматтардың жеке басын куәландыратын құжаттардың қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алуға, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан осал азаматтарға қосымша қаржылық жүктемені азайтуға бағытталған (әкімшілік жауапкершілікке тартуды болдырмау мақсатында).

Бүгінгі күні жарамсыз жеке куәлік бойынша 10 күннен 1 айға дейін тұрғаны үшін ескерту түрінде әкімшілік жауапкершілік, 1 айдан астам уақытқа 7 айлық есептік көрсеткіш немесе 21 441 теңге мөлшерінде айыппұл қарастырылған.

Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты ай сайын жеке куәліктерді ауыстыру үшін 77 мыңға дейін азамат, осы себеппен жүргізуші куәліктерін ауыстыру үшін 35 мыңға жуық азамат жүгінеді. Өткен жылдың өзінде жүргізуші куәліктерінің мерзімі аяқталғанына байланысты куәліктерді ауыстыру үшін 915 мың адам және 400 мыңнан астам азамат жүгінген.

Енді мобильдік азаматтар базасында (БМГ) тіркелген қазақстандықтар құжаттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін 30 күн бұрын өздерінің ұялы телефонына мынадай мазмұндағы SMS-хабарлама алатын болады: «Sizdin jeke kualiginizdin jaramdylyq merzimi 30 kunnen keıin aıaqtalady, HQKO-ga habarlasynyz/Srok Vashego udostovereniya istekaet cherez 30 dnei,obratites v CON», - делінген хабарламада.

Сондықтан мемлекеттік қызметтерді алу кезінде қандай да бір SMS-хабарламаларды алу үшін азамат «электрондық үкімет» порталындағы «жеке кабинетінде» (eGov.kz) ұялы телефон нөмірін міндетті түрде көрсетуі керек.