Елордада ер адам тұрғын үй лифтісінде дәрет сындырды (ВИДЕО)
Видео әлеуметтік желіде тарап кетті. Полицейлер күдіктіні видео арқылы анықтап, ұстады.
Полицейлердің мәліметінше, ол 47 жастағы Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны болып шықты. Қоғамдық тәртіпті бұзған ер адамға қатысты «Ұсақ бұзақылық» бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Соңғы шешімді Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты шығарады.
Полиция өз қызметінде негізгі қағидаттарды: әділеттілік пен заңды бұзғандар үшін жазаның бұлтартпастығын басшылыққа алады. Қоғамдық тәртіпті бұзғаны және ортақ үй мүлкіне зиян келтіргені үшін кінәлі адам қолданыстағы заңнамаға сәйкес жазаланады.
Тәртіп сақшылары мұндай фактілерге жедел түрде ден қойып, заңды процессуалдық шешімдер қабылдайды, – деді Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы Арман Айтмағамбетов.