00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Наурыз мейрамында мал союға болмайды

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Наурыз мейрамында мал союға болмайды
ашық дереккөз

Massaget.kz порталының жазуынша, Наурызда тек соғымнан сақталған сүр ет дастарханға қойылады. Осы тыйымды ұстана отырып, бүгін аруларымызға ұмытылып бара жатқан ұлттық тағамдарды ұсынғалы отырмыз.

Шұжық

Қазақ халқының аса бағалы тағамдарының бірі – шұжық. Оны барлық малдың етінен жасауға болады. Бірақ жылқы етінен жасалған шұжыққа ештеңе жетпейді. Жылқының шикі етін, іш майы турап, оған жуа, сарымсақ, тұз, бұрыш қосып, оны жылқы ішегіне тығады, тығыздайды. Ішіне ауа жібермейтіндей етіп, екі жағын мықты жіппен буады да сәл тобарсытып, көлеңкеге кептіріп алады. Оны ауылдық жерде ұнға, қалада әрине тоңазытқышта сақтайды. Наурыз мейрамында дастарханға қою үшін бабында қайнатып, пісіреді.

Бұл тағамды кей өңірлер қазы деп атайды. Ал Алматы өңірінде жылқы ішегіне жылқының қабырға сүйегі мен еті салынған тағамды қазы деп атайды.

Төстік

Сүрленген қойдың төсін тұзы сіңген соң, отқа қақтап пісіреді. Төс ет құйқалы, майлы әрі тұзды, өте дәмді тағам болып шығады. Малдың басқа майлы етіндей емес, төс майы мен етінің дәмі жүрекке тимейді. Соңғы жылдары бұл тағам ұмытылып бара жатыр.

Қазанжаппа

Қазанжаппа ұннан иленіп жасалады. Ол үшін қазанды ыстық шоққа әбден қыздырып алады да, оның ішкі жағына иленіп дайын тұрған қамырды жұқа жа, қалың да қылмай дөңгелектеп жапсырады. Ыстық қазанға жапсырылған қамыр түсіп қалмайды. Сосын қазанды шоққа қайта төңкіріп қояды. Піскен мезгілде әлгі нанды алып, ыстық күйінде бетіне молырақ май, қаймақ жағады. Ыстық күйінде жейді.

Қазақ отбасылары өздерінің сыйлы адамдары мен құдаларына, туыстарына кей тағамдарды сыбаға ретінде сақтап отырады. Қонақ болып келгенде оларға әдейі сақтап отырғанын айтып мақтанатыны да жарасымды әдеттердің бірі. Ал қонақ болса, бұған қатты риза болып, алғыс айтады.