«Дикий Арманның» не үшін күдікке ілінгені белгілі болды
Ведомство қылмыс әлемінің серкесі қандай баптар бойынша тергеліп жатқанын айтты.
«Дикий Арман» атыс қаруын заңсыз иемденді, зорлық-зомбылықпен қатар жүретін қаңтардағы тәртіпсіздіктерге қатысты деген күдікке ілінді.
Оқи отырыңыз: Алматыда қылмыс әлемінің серкесі “Дикий Арман” ұсталды
Сонымен қатар Жұмагелдиев абайсызда өлімге әкеп соқтырған заңсыз бас бостандығынан айырды деп айыпталып отыр.
Естеріңізге сала кетейік, Дикий Арман мен ұйымдасқан қылмыстық топтың тағы алты мүшесі 7 қаңтарда Алматы қонақүйлерінің бірінде ұсталған болатын.
Тағы оқыңыз: ”Дикий Арманның” тобы 24 адамды күштеп ұстаған
Қасіретті қаңтар: ҰҚК мен Бас прокуратура депутатты жауап алуға шақырып жатыр
”СубханАллаһ, сондай жұртпыз”: Артаев “Дикий Арманды” қамаудан босатуды сұрап отыр
Жедел уәкілдер қылмыскерлерден әртүрлі маркалы және калибрлі төрт жартылай автомат, оларға арналған оқ-дәрілер, қырлы қарулар мен брондалған автокөлік тәркіледі. Бұл ретте қылмыстық топтың 24 бейбіт тұрғынды ұрлап, күштеп ұстағаны белгілі болды.