Тергеудің рұқсат етілмеген әдістерін қолдануға жол берілмейді
Кездесудің негізгі мақсаты тергеудегілерді қорлауға ықпал еткен жағдайларды анықтау және оларды жою бойынша проблемалық мәселелерді талқылау болды.
Біз азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғай отырып, пәрменді шаралар қабылдап, тергеудің рұқсат етілмеген әдістерін қолдану фактілеріне жол бермеуіміз керек, - деп атап өтті Нұр-Сұлтан қаласы прокурорының орынбасары Е. Бердібеков.
Кездесу қорытындысы бойынша жасырын қылмыстардың алдын алуды күшейту және құқық қорғау ұйымдарымен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, сондай-ақ қылмыстық қудалау органдарының ғимараттарын бейнебақылау жүйелерімен толық жарақтандыру бойынша бірқатар міндеттер қойылды.
Жедел әрекет ету мақсатында ұсталғандарға тергеудің рұқсат етілмеген әдістерін қолданудың белгілі фактілері туралы «71-24-67» нөмірі бойынша (кезекші прокурор) немесе Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 31 мекен жайы бойынша қала прокуратурасына дереу хабарлауды сұраймыз.