Шынтағымен автобус айдаған жүргізуші жауапқа тартылды (ВИДЕО)

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Шынтағымен автобус айдаған жүргізуші жауапқа тартылды (ВИДЕО)
ашық дереккөз

Бұл туралы Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Абдрахманов Facebook-парақшасына жазды.

Куәгерлер видеоны 16 ақпан күні түсіріп, әлеуметтік желіге салған. Видео астына желі қолданушылары Рустам Абдрахмановты белгілеп жіберген. Осыған байланысты Алматы қалалық Полиция департаментінің патрульдік полиция полкінің қызметкерлеріне тексеру жүргізу тапсырылған еді.

Құқық бұзушы анықталды. Ол 1987 жылы туған У. есімді азамат болып шықты. Ол ӘҚБт ҚРК-нің 591-бабының 1-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапқа тартылды. 3 наурызда жүргізушіге хаттама толтырылды, - деді Рустам Абдрахманов.

Сондай-ақ ол жол бойында мұндай әрекетке жол берілмейтінін де айтты.