00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстанда «құрсақтағы нәрестені қорғау» бөлімшелері құрылады

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстанда «құрсақтағы нәрестені қорғау» бөлімшелері құрылады
ашық дереккөз

Бұл шара құрсақтағы баланың патологиясын ерте анықтау мақсатында қолға алынып отыр. 

UMC корпоративтік қорының Ана мен бала орталығы және облыстық перинаталдық орталықтардағы тиісті бөлімшелер базасында «құрсақтағы нәрестені қорғау»республикалық орталығын құру жоспарлануда, - деп атап өтті ведомство басшысы.

Сондай-ақ 20 ауданаралық ауруханада перинаталдық көмектің үшінші деңгейлі босандыру бөлімшелері ұйымдастырылады.

Жалпы, әдіснамалық сүйемелдеуді ұйымдастыру бөлігінде кейіннен катамнестік бақылауды қамтамасыз ете отырып, шала туған нәрестелерге медициналық көмек көрсету жетілдірілетін болады. Қазақстан ұрық дамуының туа біткен ақауларын ерте анықтау үшін пренаталдық скринингтің жаңа заманауи әдіснамасына көшеді, - деді министр.

Сонымен қатар, пренатальды ультрадыбыстық диагностика функциясы жетілдіріледі. Жоспарға сәйкес, пренатальды УДЗ диагностикасының қосымша 100 маманын оқыту, өңірлерді УДЗ сараптамалық сыныбының УДЗ аппараттарымен жарақтандырады.