00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордадағы «Жанұя» орталығы отбасылардың проблемаларын шешуге көмектеседі

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордадағы «Жанұя» орталығы отбасылардың проблемаларын шешуге көмектеседі
ашық дереккөз

«Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығының директоры «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында орталық базасында апта сайынғы негізде мемлекеттік мекемелердің бірінші басшылары, басшылардың орынбасарлары және қалалық мәслихат депутаттары санитарлық нормаларды сақтай отырып, азаматтарды қабылдайтынын атап өтті.

Өткен жылдың 20 мамырынан бастап 11 мемлекеттік мекеме 167 азаматты қабылдап, 800-ден астам мәселе қаралды. «Жанұя» орталығының базасында азаматтарды қабылдау туралы ақпарат әлеуметтік желілерде, сондай-ақ колл-орталыққа жүгінген кезде қолжетімді. Сондай-ақ мына номер бойынша хабарласуға болады: +7 (7172) 27-86-49. Азаматтарды қабылдау кестесі ақпараттық стендте және орталыққа келушілерге арналған үлестірме материалдарда көрсетілген, - деді ол.

Сондай-ақ Әсемгүл Садыр отбасының қоғамдағы рөлін нығайту мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тікелей эфирлер, онлайн кездесулер мен психологиялық тренингтер ұйымдастырылғанын айтты.

Өткен жылдың соңында Алматы ауданының қалалық сотымен бірлесіп ажырасудың алдын алу бойынша «Отбасы – мемлекеттің негізі» пилоттық жобасын әзірледік. Бізге ажырасқысы келетін 5 отбасы өтініш білдірді. Оларды алдын алу жұмыстарын жүргізу үшін «Жанұя» орталығына жіберді. Психологтар екі ай бойы отбасылық жұптармен жеке жұмыс жүргізді. Нәтижесінде, үш отбасы некені бұзу туралы өтініштерін кері қайтарып алды, - деп түсіндірді «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығының директоры.