Депутат балалардың «Балапан» телеарнасын көріп, қазақша сөйлеп кеткеніне алаңдап отыр
Vesti.kg сайтының жазуынша, Жогорку Кенеш отырысында ол «Баластан» телеарнасының бағдарламаларын қырғыз тіліне аударуды ұсынған.
Менің балаларым Қазақстанның «Балапан» телеарнасын көріп, қазақша сөйлей бастады. Себебі онда мультфильмдерді қазақ тілінде 24/7 көрсетеді. Құдайға шүкір, мультфильмдерді орыс және ағылшын тілдерінде онлайн режимінде көруге болады. Ал «Баластан» телеарнасы контентті ресми тілде жиі таратады. Оны толығымен қырғыз тіліне аудару қажет. Әрине, бұл оңай шаруа емес. Мемлекеттік тілді күшпен үйретуге болмайды, оны тәрбие, идеология арқылы жүзеге асыруға болады. Мұндай контентті жасауға мемлекет ақша бөлуге тиіс, - деді ол.
Сонымен қатар депутат қырғыз жазушыларының кітаптары шет тілдеріне аударылмағанына алаңдайтынын айтты.
Мемлекет сонымен қатар қырғыз жазушыларының кітаптарын аударуға қаражат бөлуі керек. Адамдар әлем тілдеріне аударылатын кем дегенде үш кітапты таңдай алады», - деді Нұржігіт Қадырбеков.