00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Өлген ит үшін «өкінген» Сапарбаев сынның астында қалды (ВИДЕО)

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Өлген ит үшін «өкінген» Сапарбаев сынның астында қалды (ВИДЕО)
ашық дереккөз

Қаңғыбас иттерді аулаушылар жергілікті белсенді Жанна Папинаның Персик атты итін атып тастаған. Белсенді бұл мәселені көтеріп, әлеуметтік желілерде тікелей эфирге шығады. Әкімдік алдына барып қарсылық білдірген кезде Сапарбаев бірнеше шенеунікті ертіп шығып, Папинаның алдында қоластындағы қызметкерлерге ескерту жасады.

Екеуің де кінәлісіңдер. Шаш ал десе бас аласыңдар. Сендерге ешкім айтқан жоқ қой бәрін атыңдар, қырыңдар деп. Сендер алдымен анықтауларың керек еді, мынаның адамға зияны бар ма, жоқ па? Балаларды қаба ма, қаппай ма? Ауру ма, сау ма? Қауіпті ма? Содан кейін ғана әрекет ету керек еді, – деді әкім.

Желі қолданушылары әкімнің бұл сөзін күлкіге айналдырды.

«Облыс әкімі Сапарбаевтан бастап бүкіл облыс билігінің өкілдеріне дейін көңіл айтқызған сен не деген бақытты едің, Персик!», «Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев мырзаға Персиктің мезгілсіз қайтыс болуына байланысты көңіл айтамын. Мықты болыңыз, аға!», «Таразда оққа ұшқан Персикпен қоштасу рәсімі ертең Алматыда Абай атындағы ГАТОБ-та өтеді дей ме?» – деп жазды желі қолданушылары.