00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Тегін үй берсін»: Ақтауда көпбалалы аналар наразылыққа шықты (ВИДЕО)

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Тегін үй берсін»: Ақтауда көпбалалы аналар наразылыққа шықты (ВИДЕО)
ашық дереккөз

Митингіге қатысушылар бұрын Ақтауда жалға берілетін баспана алған Жаңаөзен қаласының тұрғындары болып шықты. Олар бұған дейін әкімдіктен осы баспананы жекешелендіруге рұқсат беруді талап еткен. Облыс әкімдігі Қазақстанның қолданыстағы заңнамасы бұған жол бермейтінін түсіндірген. Комиссия құрылып, оған наразы тұрғындар шақырылыпты. Бүгінгі таңда комиссияның екі отырысы өтіп, айтылған талаптарды зерделеуде.

Осыған қарамастан 8 ақпан күні кешке Маңғыстау облысының әкімдігіне ондаған наразы әйел келіп, комиссия отырысын жалғастыруды талап етті.

Құқық қорғаушылар наразылық білдірушілерге олардың әрекеті қоғамдық тәртіпті бұзып жатқанын түсіндірді. Полицейлер біраз уақыттан кейін жолды ашты.