Алматыда тегін дүкен ашылды
24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Әлеуметтік орталықтың бой көтеруіне «Бақытты отбасы» орталығының аналары мұрындық болған.
Осылайша, көпбалалы аналар, аз қамтылған отбасылар мен мұқтаж жандарға қайырымдылық көрсетуді көздейді. Игі бастаманы іске асыруға аудандық әкімшілік пен кәсіпкерлер қолдау танытып отыр.
Айта кету керек, дүкенге тек әлеуметтік санаттағы отбасылар жүгіне алады. Әлеуметтік дүкен Медеу ауданындағы Халиуллина, 71 мекен жайында орналасқан. Орталықтың салтанатты ашылуында бастауыш сыныпта оқитын 45 балаға тегін сөмке таратылды.
Оның ішінде энциклопедиялар, бояғыш заттар, ермексаздар бар. Сонымен бірге керемет кітапшалар бар. Біз мұнда мүмкіндігі шектеулі балаларды да есептедік. Олардың ұсақ қол моторикасын дамыту үшін арнайы ойыншықтар салынған, – дейді қоғамдық қор әдіскері Ғазиза Жайсанбаева.
Ұқсас жаңалықтар
21 қараша, 2024
Мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылғандарға 574,8 млрд теңге жәрдемақы төленді
20 қараша, 2024
Биыл 403 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
19 қараша, 2024
Биыл көпбалалы отбасылар қанша жәрдемақы алды
19 қараша, 2024
2025 жылы қазақстандықтар декларация тапсырудан босатылады