Елордада мейрамханалар мен кинотеатрлар толымдылығы 60%-ға дейін жұмыс істей алады
Осылайша, енгізілген өзгерістерге сәйкес, қаланың қай аймағында орналасқанына қарамастан, келушілер мен барлық персоналдарда «жасыл» статус болған жағдайда Ashyq жобасына мына нысандардың-қатысушылардың қызметіне рұқсат етілді:
1) йога орталықтары, фитнес-клубтар;
2) спа орталықтары;
3) моншалар, сауналар, бассейндер;
4) PlayStation, компьютерлік клубтар;
5) боулинг клубтары;
6) кинотеатрлар;
7) театрлар мен филармониялар;
8) стрит-фуд, қоғамдық тамақтану нысандары, банкет залдары;
9) асханалар түріндегі қоғамдық тамақтану нысандары;
10) облысаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар;
11) өңіраралық және өңірішілік тұрақты тасымалдар;
12) бильярд клубтары;
13) концерт залдары;
14) караоке;
15) көрмелер;
16) океанариум;
17) марафондар;
18) көрермендермен бірге өтетін спорттық іс-шаралар;
19) лотерея клубтары және лотереяны өткізудің өзге де орындары;
20) балалар ойын-сауық орталықтары (жабық);
21) цирктер;
22) отельдер, қонақ үйлер;
23) халыққа қызмет көрсету орталықтары;
24) теміржол вокзалдары және автовокзалдар;
25) базарлар (жабық), сауда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері;
26) сауда желілері (сауда алаңы 6000 шаршы метрден асатын азық-түлік, сауда алаңы 1000 шаршы метрден асатын азық-түлік емес);
27) балаларды сауықтыру ұйымдары (қызметкерлер (персонал)үшін);
28 букмекерлік кеңселер;
29) Сұлулық орталықтары мен салондары, шаштараздар, маникюр мен педикюр қызметтерін көрсету, косметикалық және косметологиялық қызметтер көрсету салондары;
30) барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдары (педагогтер, персонал, ата-аналар (заңды өкілдер), 18 және одан жоғары жастағы білім алушылар үшін);
31) спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары;
32) білім беру ұйымдарында білім алушыларға арналған жатақханалар (педагогтер, персонал, ата-аналар (заңды өкілдер), келушілер, білім алушылар үшін);
33) діни нысандар;
34) ойын клубтары (казино);
35) түнгі клубтар;
36) «Қазпошта» АҚ бөлімшелері. Бұл ретте, елорданың «қызыл» аймақта орналасқандығын ескере отырып, кинотеатрлар, концерт залдары, цирк, бильярд, қоғамдық тамақтану нысандары толымдылығы 60%-ға дейін жұмыс істей алады.
Қаулының толық мәтінімен мына жерде танысуға болады.
Құжат қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.