Cауда орталығында қауіпті пранк жасаған жігітті полиция іздеп жатыр (ВИДЕО)
15 тамыз, 2024


ашық дереккөз
Бұл туралы Алматы қалалық Полиция департаменті басшысының орынбасары Рустам Әбдірахманов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Желіде жарияланған бірінші видеода ер адам телефон арқылы біреумен айғайлап сөйлеседі, екіншісінде оның қаладағы сауда және ойын-сауық орталықтарының біріндегі эскалатордағы ерсі әрекетін көруге болады.
Құқық бұзушыны анықтау үшін тиісті тексеру жұмыстарын бастадық. Мән-жайды анықтау Бостандық аудандық полиция басқармасы қызметкерлеріне жүктелді. Қабылданған шаралардың нәтижелері қосымша жарияланатын болады, – деп жазды instagram-дағы парақшасында ПД басшысының орынбасары.
Ұқсас жаңалықтар

21 ақпан, 2025
«Қызымды психикалық орталық қызметкерлері зорлады»: Шымкенттегі жантүршігерлік жайт

21 ақпан, 2025
Көпбалалы аналарға әлеуметтік төлем беріледі

20 ақпан, 2025
Қаржылық сауаттылық деңгейінің төмендігінен халық қарызға батып жатыр – қаржы сарапшысы

19 ақпан, 2025
Арақ ішкен адам 40 күнге дейін ораза ұстай ала ма