Маңғыстаулық әйел түрмедегі күйеуіне телефонды кір сабынға тығып өткізбек болған
24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ГМ-172/10 қызметкерлерінің жедел іс-қимылдарының арқасында сотталғандардың біріне арналған сәлем-сауқатты тексеру кезінде ұялы телефон табылып, тәркіленді.
Қызметкерлер оны мекемеге келген әйелден тапты. Тыйым салынған зат кір сабынының ішіне жасырылған. Әйел құрылғыны күйеуіне осылайша жеткізбекші болған.
Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, материал Ақтау қаласының мамандандырылған сотына жіберілді. Қызметкерлер тыйым салынған заттар мен есірткі заттарын кез келген айла-амалдармен өткізу әрекеттерінің жолын кесу бойынша үнемі жұмыстар жүргізеді.
Ұқсас жаңалықтар
21 қараша, 2024
Мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылғандарға 574,8 млрд теңге жәрдемақы төленді
20 қараша, 2024
Биыл 403 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
19 қараша, 2024
Биыл көпбалалы отбасылар қанша жәрдемақы алды
19 қараша, 2024
2025 жылы қазақстандықтар декларация тапсырудан босатылады