00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Сауалнама: Респонденттердің шамамен 50%-ы таныстары «Омикрон» штаммын жұқтырды деп мәлімдеді

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Сауалнама: Респонденттердің шамамен 50%-ы таныстары «Омикрон» штаммын жұқтырды деп мәлімдеді
ашық дереккөз

Сауалнамаға қатысқан респонденттердің шамамен 50%-ы таныстары «Омикрон» штаммын жұқтырғанын мәлімдеді. 

Сауалнама нәтижелері бойынша, тұрғындардың 46%-ы достарының арасында «Омикрон» штаммымен ауыратындар бар деп жауап берді.

30%-ы мүмкін деп жауап берсе, пациенттердің кейбірі өздерінің «Омикрон» жұқтырғанын білмейтін болып шықты. 

Респонденттердің 24%-ы таныстары арасында ауыру жағдайларының болмағанын атап өтті.

Сондай-ақ сауалнама барысында өз ауруларын жасыратындар анықталған жоқ.

Сауалнамаға барлығы 59 адам қатысты.

Айта кету керек, «Омикрон» белгілері ЖРВИ белгілеріне ұқсас: мұрынның бітелуі, тамағының ауыруы және жөтел. Екі жағдайда да дәрігерлер емдеуді аурудың алғашқы күндерінен бастауға кеңес береді. Бұл жағдайда жаңа штамм жұқпалы болып саналады.

Нұр-Сұлтанның бас санитар дәрігерінің ақпараты бойынша, «Омикрон» вирусы басқа мутацияларына қарағанда әлдеқайда жылдам таралады және тіпті covid-19-бен ауырған адамдар да жұқтыруы ықтимал.

Еске салайық, елордада коронавирус ауруы 5 есе өскен.