00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Миллион кімге бұйырады?»: Қателесіп жіберілген ақша үшін екі қазақстандық соттасып жатыр

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Миллион кімге бұйырады?»: Қателесіп жіберілген ақша үшін екі қазақстандық соттасып жатыр
ашық дереккөз

Былтыр қазанда Қызылорда облысының тұрғыны құрбысының картасына 1 миллион теңге жібергісі келген. Бірақ соңғы 4 санды қате теріпті. Осылайша, ақша Қостанай облысындағы ауылдардың бірінің тұрғынына түсіп кеткен.

Телеарна мәліметіне қарағанда, талапкер және жауапкер бет-әлпетін көрсеткісі келмеген, сондай-ақ, аты-жөндерін айтпауды өтінген. Дегенмен Әулиекөл тұрғыны телефон арқылы сөйлескен кезде бөтен миллион теңгені бірден алмағанын жеткізді. Оның айтуынша, телефонында банк қосымшасы жүктелмеген, банктен де хабарлама келмеген. Сонымен қатар, ақша түскеннен кейін бірден соманың жартысынан қарызы өтелген.

Үлкен сома түсті. Егер ақша түскен күні білсем, картаны бұғаттап, тоқтататын едім. Маған мұның бәрі автоматты түрде алып тасталатынын айтты, - деді Әулиекөл ауылының тұрғыны.

Соманың қалған жартысын әйел бірден иесіне жіберді. Бірақ банк алған ақшаны қайтармады. Әйел ол ақшаны қазір қалтасынан бере алмайды. Ол жұмыс істемейді, декреттік демалыста. Сондықтан іс сотқа дейін жеткен.

Телеарна мәліметінше, алдымен тараптар мәселені татуласу арқылы шешуге тырысқан. Бірақ келісе алмаған. Талапкер ақшаны дереу алғысы келеді, ал жауапкер бұл жағдайда өзінің кінәсі жоқ деп санайды. Сонымен қатар, қалған ақшаны өз иесіне банк қайтаруы керек деп ойлайды. Сот бірнеше аптадан кейін шешім шығарады.