00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға ревакцинация мүмкіндік береді – Алтай Көлгінов

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға ревакцинация мүмкіндік береді – Алтай Көлгінов
ашық дереккөз

Құрметті қала тұрғындары!

Өздеріңіз білетіндей, соңғы апталарда эпидемиологиялық жағдай күрт нашарлады, тиісінше карантиндік шаралар да күшейтілді. Балаларымыздың мектеп партасында қайта оқуы, спорттық мекемелер, театрлар және қаланың өзге де маңызды нысандары еш кедергісіз жұмыс істеуі үшін еңбек ұжымдары толығымен ревакцинациядан өтуі қажет. Вакцинация/ревакцинация ғана коронавирус инфекциясын жеңудің тиімді әдісі. Эпиджағдайды тұрақтандыру – нысандардың толығымен жұмыс істеу мүмкіндігі.

Қазір балаларымыз қайтадан қашықтан оқу форматына көшті. Дегенмен 24 қаңтардан бастап оқушыларды офлайн режимге көшіруді жоспарлап отырмыз. Ол үшін вакцинация мен ревакцинация арқылы балаларымызды, мұғалімдерімізді қауіптен қорғауымыз қажет.

Пандемияға қарамастан оқу орындарының құрылыс көлемін азайтқан жоқпыз. Себебі жаңа оқу орындарын ашудың маңыздылығын байқап отырмыз. Биыл – 3 тоқсанда тағы 7 мектеп аштық. Осы 7 мектептің өзі тағы 20 мың оқушы орнын құруға мүмкіндік берді.

№93 жаңа мектеп-лицейіне арнайы бардым. Ол Алматы ауданында (Ж.Нәжімеденов көшесі), құрылысы қарқынды жүріп жатқан ауданда орналасқан. Бұл оқу орны өзге үш мектептің проблемасын шешуге мүмкіндік беріп отыр.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мектеп құрылысының көлемі айтарлықтай артты. Мысалы, 2019 жылы 6 мектеп салынған болса, 2020 жылы 11 мектеп есігін айқара ашты.

Биылғы оқу жылында 40 мың оқушы орнына арналған 15 мектеп салдық. Бұл осылайша 5 мектептегі шамадан тыс жүктеме мәселесін, сол сияқты оқушы саны тым көп 10 мектептің проблемасын шешуге мүмкіндік берді.

2022 жылы (жаңа оқу жылы) кемінде 16 мектеп салынады. Кешенді жоспар аясында 5 жылдық кезеңге 70-ке жуық мектеп салу жоспарланып отыр. Мектеп құрылысына да жеке инвестиция тартамыз, - деп жазды елорда әкімі.