Елорда әкімдігі қызметкерлері бір күндік жалақыларын «Қазақстан халқына» қорына аударды


11 қаңтарда Мәжілісте сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қор құруды тапсырды. Елорда әкімдігінің қызметкерлері Қорға бір күндік жалақыларын аударды.
Қор денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау, мәдениет және спорт салаларындағы нақты проблемаларды шешумен айналысатын болады. Сондай-ақ, Қор ТЖ кезінде және ТЖ режимін енгізу кезінде зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсетеді, қаза тапқан полицейлер мен әскери қызметшілердің отбасыларына қолдау көрсетеді.
«Қазақстан халқына» қорын қаржыландыру жекеменшік көздерден, ірі бизнес тарапынан түсетін аударымдардан, халықаралық қайырымдылық ұйымдарының қаражатынан, лотерея қызметі операторының, мөлшерлемелерді есепке алу орталығының және басқа да монополистердің міндетті аударымдарынан және т.б. жүзеге асырылатын болады.



