00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Жаңа қаулы: Елордада кімдер қашықтан жұмыс істейді

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Жаңа қаулы: Елордада кімдер қашықтан жұмыс істейді
ашық дереккөз

       1.Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтары келесі талаптарды қатаң сақтауы тиіс:

1.1. бұқаралық іс-шараларға, марафондар, спорттық, отбасылық, еске алу іс-шараларды қоса алғанда, оның ішінде үйде (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т. б.) өткізуге және оларға қатысуға, «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерде 30 адамға дейін еске алу өткізуді қоспағанда, сондай-ақ митингілер, шерулер, жиындар, форумдар, семинарлар, конференциялар және т. б. ұйымдастыруға және қатысуға тыйым салу;

1.2. қызметі жаңартылмаған немесе тыйым салынған объектілерге: боулинг-орталықтары, компьютерлік клубтар, PlayStation клубтары,  бильярд, океанариум, батуттар, букмекерлік кеңселер және ойын клубтары, оның ішінде лотерея ұтыс ойыны, жабық үй-жайлардағы балалардың ойын-сауық орталықтары, балалардың ойын бөлмелері, ойын алаңдары мен аттракциондары, оның ішінде спорттық объектілерде орналасқандардан басқа, мұзды және роликті сырғанақтарға бармау («Ashyq» жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда), концерт залдарына, филармониялар, театрлар, кинотеатрлар, караоке, цирктер, түнгі клубтарға баруға тыйым салу;

 1.3. «Ashyq» жобасына қатысатын кәсіпкерлік объектілеріне кіру үшін «Ashyq» мобильді қосымшасын, оның ішінде басқа да платформалар арқылы (мысалы, EGOV mobile, Аitu платформасындағы аналогы, Kaspi.kz, Halyk Bank, Sberbank.kz, Альфа-Банк, сайт www.ashyq.kz) пайдалану қажет;

1.4. қоғамдық орындарға, оның ішінде қалалық қоғамдық көліктерге, қызметіне рұқсат етілген объектілерге барған кезде, сондай-ақ қоғамдық орындарда ашық ауада болған кезде (ашық ауада спортпен шұғылдану кезінде және 5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда) бетперде кию, қашықтықты сақтау және антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптарды қатаң сақтауы тиіс.

  1. Кәсіпорындардың, ұйымдардың басшылары, кәсіпкерлік субъектілері:

2.1. қызметкерлерде COVID-19-ға қарсы вакцинацияның болуына қарамастан, мемлекеттік органдардың (ұйымдардың), ұлттық компаниялардың, кәсіпорындардың әкімшілік персоналының кемінде 80%-ын қашықтан жұмыс түріне көшіру;

2.2. меншік нысанына қарамастан білім беру объектілерінде 2022 жылғы 31  қаңтарға дейін қашықтықтан оқыту форматында оқытуды ұйымдастыру;

2.3. ЖОО-лар мен колледждердің жұмысын барлық курс студенттері үшін 2022 жылғы 24 қаңтардан 6 ақпанға дейін қашықтан оқыту форматында ұйымдастыруды қамтамасыз ету;

2.4. балалар мен ересектерге арналған білім беру орталықтарының, үйірмелердің, балалар дамыту орталықтарының жұмысын 2022 жылғы 31 қаңтарға дейін қашықтан оқыту форматында ұйымдастыру;

2.5. отбасылық, еске алу іс-шараларды қоса алғанда, бұқаралық іс-шараларды, оның ішінде үйде («Ashyq» жобасына қатысатын объектілерде 30 адамға дейін қатысумен еске алу өткізуді қоспағанда), сонымен қатар конференцияларды, семинарларды, көрмелерді, форумдарды өткізуге тыйым салу;

2.6. «Ashyq» жобасына қатысуына қарамастан діни бірлестіктер объектілері мен аумақтарында (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т. б.) бұқаралық іс-шараларды (жұма намазы, діни жоралар және т. б.) өткізуге тыйым салу;

2.7. «Ashyq» жобасына қатысуына қарамастан түнгі клубтар, караоке, концерт залдары, филармониялар, театрлар, кинотеатрлар, цирктердің жұмысына тыйым салу;

2.8. орналасқан жеріне қарамастан қоғамдық тамақтану объектілерінің (мейрамханалар, дәмханалар, барлар) жұмысын толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 30 орыннан аспайтын шарттарды сақтаған жағдайда, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды және көршілес үстелдердің шеткі орындары арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты және бір үстелде 4 адамнан асырмай отырғызуын сақтай отырып, бар үстелдерінде қызмет көрсетуге тыйым сала отырып, жұмыс кестесін жұмыс және демалыс күндері сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін, асхана типінде жұмыс істейтін қоғамдық тамақтану объектілері үшін 22:00-ге дейін ұйымдастыру. «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер үшін жұмыс тәртібі Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Ashyq» жобасын енгізу туралы» 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 56 қаулысына сәйкес белгіленеді.

  1. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне, Нұр-Сұлтан қаласының Кәсіпкерлер палатасына (келісім бойынша), Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына, Нұр-Сұлтан қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық басқармаларына, Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкерлік субъектілеріне:

3.1. келесі кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq»  жобасын іске асыруды жалғастыруды:

1) йога орталықтарын қоса алғанда, фитнес-клубтары;

2) спа-орталықтары;

3) моншалар, сауналар, бассейндер;

4) PlayStation клубтарын қоса алғанда, компьютерлік клубтар;

5) боулинг клубтары;

6) кинотеатрлар;

7) театрлар мен филармониялар;

8) стрит-фудтарды қоспағанда, қоғамдық тамақтану объектілері, жазғы алаңдар, банкет залдары;

9) асхана типіндегі қоғамдық тамақтану объектілері;

10) облысаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар;

11) облысаралық және облысішілік тұрақты тасымалдар;

12) бильярд клубтары;

13) концерт залдары;

14) ерікті қатысушылар;

15) караоке;

16) көрмелер;

17) океанариум;

18) марафондар;

19) көрермендер қатысатын спорттық іс-шаралар;

20) лотерея клубтары және лотерея сататын өзге де орындар;

21) әуежайлар;

22) балалардың ойын-сауық орталықтары (жабық);

23) цирктер;

24) отельдер, қонақ үйлер;

25) халыққа қызмет көрсету орталықтары;

26) темір жол және автовокзалдар;

27) базарлар (жабық), сауда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, (азық- түлік емес) сауда желілері;

28) сауда алаңы 6000 ш.м-ден асатын (азық-түлік) сауда желілері;

29) балаларды сауықтыру орталықтары (жұмыскерлер (персонал) үшін);

30) букмекерлік конторалар;

31) сұлулық орталықтары мен салондары, шаштараздар, маникюр мен педикюр қызметтерін көрсету, косметикалық және косметологиялық қызметтер көрсету салондары;

32) барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдары (педагогтар, персонал, ата-аналар (заңды өкілдері), келушілер, 18 жастағы және одан асқан білім алушылар үшін (ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің рұқсатымен 12 жастан бастап балаларда QR-кодты сканерлеп, ерікті түрде тіркеле отырып));

33) спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары;

34) білім беру ұйымдарында білім алушылардың тұруына арналған жатақханалар мен интернаттар (педагогтар, персонал, ата-аналар (заңды өкілдері), келушілер, білім алушылар үшін);

35) діни объектілер;

36) ойын клубтары (казино);

37) түнгі клубтар;

38) банктер, «Қазпочта» АҚ бөлімшелері.

3.2. кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» жобасын Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 56 қаулысының «қызыл» аймаққа арналған өлшемшарттарына сәйкес іске асыруды қамтамасыз ету;

3.3. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 42 «Шектеу және карантиндік шаралар және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» қаулысында көзделген «қызыл» аймақ үшін өлшемшарттарға сәйкес «Ashyq» жобасына қатыспайтын объектілердің қызметіне рұқсат етіледі;

3.4. 2022 жылғы 13 қаңтардан бастап қызметкерлер мен келушілерде қауіпсіз «жасыл» мәртебесі болған жағдайда (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды қоспағанда, вакцинациялау, сынамаларды алу сәтінен бастап 7 тәуліктен аспайтын ПТР-тест теріс нәтижесімен, соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылған адамдар) келесі санаттағы объектілердің жұмысын қамтамасыз ету:

- сауда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері;

- сауда желілері (6000 м2 жоғары)

-спорттық-сауықтыру орталықтары, фитнес-орталықтары, йога-орталықтары;

- бассейндер, сауналар, моншалар.

3.5. объектілердің барлық түрлерінің жұмысын Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 25 тамыздағы № 36 «2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдарында коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» Қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйегінде № 38 «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 10 қыркүйегінде № 42 «Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңмен жеңілдету туралы» Қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 17 қыркүйегінде № 43 «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қаулысымен бекітілген, «Ashyq» жобасын енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 56 қаулысымен бекітілген объектінің жұмыс істеу алгоритмдерінің талаптарын қатаң сақтаған кезде ұйымдастыруға жол беріледі.

  1. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне, Нұр-Сұлтан қаласының Кәсіпкерлер палатасына, Нұр-Сұлтан қаласының Ішкі саясат басқармасына:

4.1. халықты, жеке және заңды тұлғаларды жобаға қатысатын объектілерге кіру үшін «Ashyq» мобильді қосымшасын, оның ішінде басқа да платформаларды (мысалы, eGov mobile, Аitu, Kaspi.kz, Halyk Bank, Sberbank.kz, Альфа-Банк платформасындағы аналогы, сайт www.ashyq.kz) пайдалану қажеттігі туралы хабардар етуді қамтамасыз етсін;

4.2. қоғам мен мемлекеттің, адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қабылданатын шешімдердің маңыздылығы мен өмірлік қажеттілігін түсіндіруді, бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде қабылданатын шаралар туралы ақпараттық сүйемелдеу жүргізуді қамтамасыз етсін;

4.3. осы Қаулыны барлық мүдделі мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, кәсіпкерлік субъектілерінің және қала тұрғындарының назарына жеткізсін.

  1. Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына:

5.1. Қала тұрғындары арасында вакцинация және ревакцинация жүргізуді жандандыру.

5.2. 60 жастан асқан адамдарды Комирнати (Пфайзер) вакцинасымен ревакцинациялауды қамтамасыз ету.

  1. Нұр-Сұлтан қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аудандық басқармалары, Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті, Нұр-Сұлтан қаласының аудандық әкімдіктері осы Қаулының орындалуына күшейтілген бақылауды қамтамасыз етсін.
  2. Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Нұр-Сұлтан қаласындағы шектеу және карантиндік шараларын жеңілдету туралы» 2021 жылғы 2 қарашадағы № 29 қаулысының, Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Нұр-Сұлтан қаласындағы шектеу және карантиндік шараларын күшейту туралы» 2021 жылғы 11 қарашадағы № 30 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.