Түркістандық диқандар қырыққабат егуді бастап кетті
Жетісай ауданында орналасқан Атамекен, Ералиев ауылдық округтерінің диқандары жылы ауа райын сәтті пайдаланып 5 гектар жерге қырыққабат көшетін отырғызып үлгерген.
Жерді жалға алып, егін егіп отырған шаруаның бірі Сапар Үсенов қырыққабаттың жаңа түрлерінен мол өнім алуды жоспарлап отыр.
Күн-түн демей қараша айынан бастап жылыжайға ерте пісетін «Пандион» жане «Зарисма» көшеттерін өндіруді бастағанбыз. Дайын болған көшеттерді 5 гектар аумаққа отырғыздық. Былтыр осы жерден 300 тонна өнім алып үлгердік, алынған өнімді көршілес елдерге жібереміз. Былтырғы жылы өнім өзін-өзі ақтады, – дейді ол.
Айта кетейік, биыл Түркістан облысы, Жетісай ауданы бойынша 78500 гектар аумаққа егіс егіледі жоспарланып отыр. Соның ішінде 1 мың гектар жерге ерте пісетін қырыққабат егілетін болады деген болжам бар.