ІІМ көлік жүргізушілерге ескерту жасады
24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Polisia.kz сайтының мәліметінше, қысқы уақыт жол қозғалысының әрбір қатысушысынан ерекше сақтықты және мұқияттылықты талап етеді.
Климаттық өзгерістерге, көлік ағынының ұлғаюына, көлік ішінен нашар көріну мен күн сәулесінің жетіспеуіне байланысты жолдарда қауіп бірнеше есе артады.
ІІМ қысқы жолмен жүру кезінде мынадай талаптарды еске салады: қашықтықты, бүйірлік аралықты, жылдамдық режимін қатаң сақтау, сондай-ақ, кенеттен тежеуге жол бермеу қажет.
Ауа райына қатысты және ауа райының нашарлауы мен жолдарды жабу жайлы ақпараттарды ескеру керек.
Анықтама: ауа райының қолайсыздығына байланысты қысқы кезеңнің басында жол-көлік оқиғаларының саны күрт өсті. Өткен тәулікте елімізде 24 ЖКО тіркелген, онда екі адам қаза тауып, 29 адам жарақат алды.
Ұқсас жаңалықтар
21 қараша, 2024
Мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылғандарға 574,8 млрд теңге жәрдемақы төленді
20 қараша, 2024
Биыл 403 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
19 қараша, 2024
Биыл көпбалалы отбасылар қанша жәрдемақы алды
19 қараша, 2024
2025 жылы қазақстандықтар декларация тапсырудан босатылады