00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Клиент кейпінде дүкенге келген елордалық жігіт 15 телефонды ұрлап кеткен

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Клиент кейпінде дүкенге келген елордалық жігіт 15 телефонды ұрлап кеткен
ашық дереккөз

Телефон ұрлауды алдын ала жоспарлаған жігіт клиент кейпінде бизнес орталықта орналасқан бутикке келген. Бутиктің қайда орналасқанын біліп алған ол сағат 17.00-де бизнес орталыққа кіріп содан 1-қабатта орналасқан дәретханаға тығылып, жұмыс күнінің аяқталуын күткен. Түнгі сағат бірлер шамасында ұялы телефондар сатылатын бутикке барып, гипсокартоннан болған қабырғаны сындырып кірген.

Күдікті сауда орнынан  құны 5,7 млн теңге болатын «Айфон 12» және «Самсунг» маркалы 15 ұялы телефонды жымқырып бизнес орталықтың қызметтік шығу бөлігі арқылы қашып кеткен. Кейіннен күдікті ұрланған ұялы телефондарды белгісіз азаматтарға сатып жіберген.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен 19 жастағы елордалықты ұстады. Полицияда ұрлық жасаған күдікті мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция қызметкерлері ұрланған төрт телефонды тауып, қалған гаджеттерді іздестіріп жатыр.

Аталған факті бойынша  ҚК 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің осыған ұқсас бұрын жасалған қылмыстарға қатыстылығы анықталады.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті шағын және орта бизнес иелеріне сақ болуды және шағын және орта бизнес нысандарын күзет дабылымен және бейнебақылау камераларымен жабдықтауды ұсынады.