00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстанда «NEET санатындағы жастар» ұғымы заңмен бекітіледі

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстанда «NEET санатындағы жастар» ұғымы заңмен бекітіледі
ашық дереккөз

«Мемлекет басшысы 2019 жылғы 10 желтоқсанда Жастар жылының жабылу салтанатында және волонтер жылының басында мемлекеттік жастар саясаты саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша іс-шаралар қабылдауды тапсырған болатын.  «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы (бұдан әрі – заң жобасы) әзірленді. Оның шеңберінде «NEET санатындағы жастар» ұғымын заңнамалық бекіту және NEET санатындағы жастармен қызмет жөніндегі құзыреттерді толықтыру жоспарлануда», - деді Үкімет басшысының орынбасары жауабында.

Оның атап өтуінше, қазіргі уақытта заң жобасы Үкімет қарауында жатыр және Заң жобалау жұмыстарының жоспарына сәйкес белгіленген мерзімде Парламент Мәжілісіне енгізілетін болады.

«Бұдан басқа, Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасына сәйкес 2021 жылдың басынан бастап NEET санатындағы жастар санын осы жылғы 360 мың адамнан 2025 жылға қарай 280 мың адамға дейін төмендетуге бағытталған іс-шаралар кешені іске асырылуда. Бұл көрсеткіш 2021 жылы орындалды. Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттік Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша 2021 жылдың үшінші тоқсанының қорытындысында NEET санатындағы жастардың үлесі 6,7 пайызды немесе 250,5 мың адамды құрады», - деді Ералы Тоғжанов.