«Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлеріне жәрдемақы тағайындау тәртібі жеңілдетілді
«Кем дегенде бір баланы өз елінің лайықты азаматы етіп тәрбиелеу – әрбір ата-ананың алдында тұрған күрделі міндет. Көпбалалы аналардың еңбегін атап өту және лайықты бағалау үшін мемлекет оларды «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен наградтайды және алқа иелері тиісті мемлекеттік жәрдемақы алады. Көпбалалы аналардың уақытын үнемдеу мақсатында Еңбек министрлігі 2019 жылдан бастап осы жәрдемақыны тағайындау бойынша мемлекеттік қызметті проактивті форматта алуға мүмкіндік береді. Бұл әйелдерді кезекте тұру қажеттігінен құтқарды, олар мемлекеттік қызметтерді кез келген ыңғайлы уақытта және кез келген жерде ала алады. Көрсетілетін қызметті алушы бір ғана SMS-хабарламаға жауап бере отырып, жәрдемақыны проактивті ресімдеуге келісім береді және банк шотын растайды. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті басқа да мәліметтер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен түседі», – деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов.
Жеңілдетілген тәртіп мемлекеттік жәрдемақыны проактивті форматта тағайындауды айтарлықтай арттыруға мүмкіндік берді. Осы өзгерістердің арқасында 2021 жылы проактивті қызмет алған көпбалалы аналардың саны екі еседен астам – 9 мың адамға дейін өсті.