00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

130 мыңға жуық жолаушы әйелдер вагонын таңдады

22 қараша, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
130 мыңға жуық жолаушы әйелдер вагонын таңдады
Фото: Telegram/КТЖ

Былтыр әйелдер вагондарында 114 мыңнан астам адам жол жүрген, деп хабарлады Elorda.info.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы 10 айда 130 мыңға жуық жолаушы әйелдер вагонында жол жүруді таңдаған. 

Салыстырып айтқанда, өткен жылы әйелдер вагондарында 114 мыңнан астам адам жол жүрген. 2021 жылдың үш айында 13 мыңнан астам жолаушы әйелдер вагонында сапарлаған.

Бүгінгі таңда әйелдер вагоны 8 жолаушылар пойызы құрамында қатынап жүр:

- №77/78 «Алматы – Маңғыстау» №07 купе вагоны;

- №351/352 «Алматы – Өскемен» №10 купе вагоны.

- №45/46 «Павлодар – Түркістан» №09 купе вагоны;

- №37/38 «Маңғыстау – Семей» №06 купе вагоны;

- №47/48 «Атырау – Астана» №06 купе вагоны;

- №33/34 «Ақтөбе – Алматы-1» №06 купе вагоны;

- №4/3 «Астана – Алматы-2» №17 купе вагоны;

- №71/72 «Астана – Шымкент» №10 купе вагоны. 

Әйелдер вагонында жеті жасқа дейінгі ұлдардың жүруіне болады.

Айта кетейік, «Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушылар арасында әйелдер вагонын енгізу қажеттілігі туралы онлайн сауалнама жүргізгеннен кейін ғана қызметті іске асырды. Сауалнамаға жауап қатқандардың көпшілігі, атап айтқанда 82% қолдап, 13% теріс және 5% бейтарап жауап берген.