00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Жемқорлыққа қарсы шығармашылық конкурстардың қорытындысы шығарылды

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Жемқорлыққа қарсы шығармашылық конкурстардың қорытындысы шығарылды
ашық дереккөз

Биыл байқауға 200-ден астам жұмыс келіп түскен. Бұл – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбына арналған және оқушылардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты, қоғамға адал көзқарасты қалыптастыруға, сыбайлас жемқорлық көріністеріне «нөлдік төзімділікті» тәрбиелеуге бағытталған эссе, әңгімелер мен өлеңдер.

Агенттіктің аумақтық департаменті басшысының бірінші орынбасары Ілияс Базилов өз сөзінде мұндай іс-шаралар оқушылардың сыбайлас жемқорлық көріністеріне біздің қоғам өмірінің теріс әлеуметтік құбылысы ретінде өз бетінше баға беру қабілетін қалыптастыруға ықпал ететінін, сондай-ақ жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық дағдыларын қалыптастыратынын атап өтті.

Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаты Бақдәулет Жанділдаев байқаудың барлық жеңімпаздарын құттықтап, оқуда табыс тіледі, сондай-ақ байқаудың мақсаты жастар арасында әмбебап моральдық және ұлттық құндылықтар негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағыттау екенін айқындады.

Қатысушылардың әрқайсысының жұмысы ерекше назар аударуға лайық. Жастардың осындай іс-шараларға қатысуы жас тұлғаның белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастырады, шығармашылық қабілеттерін дамытуға көмектеседі.

Өлең сайысында 1-орынды 1-курс студенті Абиыр Байжігіт иеленді, оның жұмысы тақырыптың ашылуымен және мазмұндылығымен ерекшеленеді.

«Тірлігіңді адал жаса алдама,

Аңқауларды пайдаланып арбама,

Адал жолмен түрлі көлік мінесің,

Арамдықпен жете де алмайсың арбаға», - деп Байжігіт өзінің өмірлік ұстанымын дәлелдеді.

Өлең сайысында 2-орынды Бөтенбай Сабина, 3-орынды Тұрбала Тәукехан иеленді.

Эссе байқауының қорытындысы бойынша І орынды Асығат Жанерке, ІІ орынды Манат Нұрзат, ІІІ орынды Ғаббасова Милана қанжығасына байлады.

Байқау қорытындысы бойынша І орынды Алтынбек Назерке, ІІ орынды Брильц Мирра, ІІІ орынды Қожагелдин Алан иеленді.

Айта кетейік, конкурсты ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті мен Жастар саясаты мәселелері басқармасы ұйымдастырды.