Түнгі клубтар қайта ашылады
24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Түнгі клубқа тек “жасыл” статусқа ие адамдар кіре алады және олардың саны клубтағы орынның 50%-ынан аспауы керек.
Сондай-ақ шектеулер әрбір санитарлық-эпидемиологиялық аймақ бойынша да ерекшеленеді:
- "жасыл" аймақта – 100 адамнан аспауы тиіс;
- "сары" аймақта – 70 адамнан аспауы тиіс;
- "қызыл" аймақта – 50 адамнан аспауы тиіс.
Ashyq жобасына қатысушыларға жеңілдіктер қарастырылып жатыр.
"Енді Ashyq жобасының қатысушылары сағат 3.00-ге дейін, ал көшбасшы – жасыл аймақта 5.00 -ге дейін және сары аймақта сәйкесінше 1.00 және 3.00 -ге дейін жұмыс істеуіне болады. Біз бас санитарлық дәрігерлердің қаулыларына өзгеріс енгізуін күтеміз", – деді" Атамекен" ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев.
Шешім Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына өзгерістер енгізілгеннен кейін күшіне енеді.
Ұқсас жаңалықтар
21 қараша, 2024
Мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылғандарға 574,8 млрд теңге жәрдемақы төленді
20 қараша, 2024
Биыл 403 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
19 қараша, 2024
Биыл көпбалалы отбасылар қанша жәрдемақы алды
19 қараша, 2024
2025 жылы қазақстандықтар декларация тапсырудан босатылады