00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Биыл қазақстандық таксилер қанша табыс тапты

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Биыл қазақстандық таксилер қанша табыс тапты
ашық дереккөз

Такси қызметінің қымбаттауы Нұр-Сұлтанда ғана емес, еліміздің барлық аймақтарында да байқалады. Алайда ресми статистика басқаша сөйлейді. Мысалы, қыркүйек айында Ұлттық статистика бюросы мәліметтері бойынша такси қызметінің бағасы ешбір аймақта өспеген. Соңғы үш жылда ай сайынғы бағаның өсуі ең көп дегенде 2%-ды құрайды.

Жылдық динамикаға келетін болсақ, бюроның мәліметі бойынша, биылғы қыркүйекте такси бағасы өткен жылғыдан 6,5%-ға қымбаттаған. Өкінішке қарай, мобильді қосымшалар мен көшеде такси тоқтатқан жолаушылар мүлде басқа жағдайға тап болады. 

Биылғы қаңтар мен тамыз аралығында елімізде такси қызметінен түсетін табыс былтырмен салыстырғанда 5 есе өсіп, 2,8 млрд теңгені құрады, бұл 2019 жылғы дағдарысқа дейінгі деңгейге тең. Өткен жылы дәл осы кезеңдегі көрсеткіш карантиндік шектеулерге байланысты небәрі 603,3 млн теңгені құраған болатын. Ал биыл сегіз айда тасымалданған жолаушылар саны өткен жылмен салыстырғанда 30,6%-ға, яғни 1,4 млрд-қа азайды. 2020 жылдың қаңтар-тамызында көрсеткіш 48,7%-ға төмендеген еді.