00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Биыл қанша қандасымызға Қазақстан азаматтығы берілді

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Биыл қанша қандасымызға Қазақстан азаматтығы берілді
ашық дереккөз

«Жыл басынан бері қандастарға азаматтық беру мерзімі 2 есе, яғни 6 айдан 3 айға дейін қысқарды. Шамамен 225 қандасымыз жеңілдетілген тәртіппен азаматтығын рәсімдеді. Реттелмейтін құқықтық мәртебемен анықталған 45 тұлға Қазақстан азаматы деп танылып, құжаттарын алды», – деді Арман Баймұхамбет.

Ведомство басшысы елімізде төлқұжат пен жеке куәлік рәсімдеу мерзімі оңтайландырылғанын да атап өтті.

«Жеке басты куәландыратын құжаттарды рәсімдеу тетіктері де жетілдіріліп жатыр. Биылғы 9 ай ішінде 143 мың төлқұжат пен жеке куәлік рәсімделіп, берілді», – деді ол.