Ұлттық халық санағының үй-жайларды жаппай аралауы басталды
Халық санағының деректерін жинау процесі екі тәсілмен жүзеге асырылады:
- Интернет-сауалнама. Орналасқан жеріне қарамастан, sanaq.gov.kz сайтында өз бетінше санақтан өтуге және 2021 жылғы 1 қыркүйектен 15 қазанға дейінгі кезеңде өзіне және өзінің отбасы мүшелеріне санақ парақтарын толтыруға мүмкіндік береді. Сайт тәулігіне 24 сағат бойы қолжетімді. Сонымен қатар, Aitu Messenger мобильді қосымшасы арқылы санақтан өту мүмкіндігі де қосымша берілді. Сондай-ақ, egov.kz электрондық үкімет сайтының басты бетінде sanaq.gov.kz сілтемесі бар, ол арқылы онлайн-режимде санақ парақтарын толтыруға болады.
- Электронды планшеттерді қолдана отырып, дәстүрлі үй-жайларды жаппай аралау.
1 қазаннан бастап Нұр-Сұлтан қаласында интервьюерлердің халықты дәстүрлі жаппай аралауы басталды, ол осы жылдың 30 қазанына дейін жалғасады. Интервьюерлер белгіленген мерзімде онлайн режимде санақтан өтпеген тұрғындарды қайта жазатын болады. Аталған іс-шараға 1 332 интервьюер-есептеуші жұмысқа тартылды. Интервьюерлер белгіленген мерзімде онлайн режимде санақтан өтпеген тұрғындарды санақтан өткізетін болады. Интервьюерлер үйлерді сағат 9.00-ден 21.00-ге дейін аралайды.
Дәстүрлі жаппай үйді аралау кезеңінде бұрын онлайн режимде санақтан өткен респонденттер екінші рет қайта жазылмайды. Олар интервьюерге санақтан өткені туралы бұрын алынған SMS-хабарламаны немесе электрондық хабарламаны көрсетуі қажет.
Санақ кезінде деректерді жинау үшін сәйкестендіру ақпараты ретінде сұралатын адамның ЖСН пайдаланылатын болады. Бұл деректердің қайталануын болдырмайды. Сондықтан онлайн режимде санақтан өтпеген респонденттер интервьюерлерге өздерінің ЖСН, сондай-ақ бірге тұратын адамдардың ЖСН ұсынуы және санақ парақтарының сұрақтарына жауап беруі қажет.
Үй-үйді аралау кезінде барлық қайта жазылған респонденттерге интервьюерлер санақтан өткені туралы анықтамалар береді, оларды осы іс-шара аяқталғанға дейін сақтау қажет. Сонымен қатар, қамтылған халықты және деректердің дұрыстығын тексеру мақсатында 2021 жылғы 1-7 қараша аралығында респонденттердің 10%-ына бақылау тексеруі жүргізіледі.
Мәлімет үшін, респондент - бұл шынайы алғашқы статистикалық деректерді ұсынатын жеке тұлға. Үй шаруашылығы (отбасы) - бірге тұратын, өз табыстары мен мүлкін толық немесе ішінара біріктіретін және тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді бірлесіп тұтынатын бір немесе одан да көп жеке тұлғалардан тұратын экономикалық субъект.
Халық санағының негізгі кезеңіндегі интервьюердің атрибуттары:
- фотосуреті орналасқан куәлігі бар бейдж, онда оның тегі, аты, әкесінің аты, берілген күні және қолданылу мерзімі, аумақтық статистика бөлімшесінің мөрі және басшысының қолы көрсетіледі;
- санақ логотипі бар көк түсті шарф;
- санақ логотипі бар көк түсті портфель;
- электрондық санақ парақтары енгізілген планшет.
Санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау мақсатында интервьюерлер барлық қажетті жеке қорғану құралдарымен (маскалар, антисептиктері бар санитайзерлер) қамтамасыз етілген.
Интервьюерлер өз есеп учаскесін жаппай аралау барысында санақ парақтарын белгілі бір төрт нысан бойынша толтыратын болады. Санақ парақтарында адам және оның тұрғын өмір сүру жағдайлары туралы жеке ақпарат жөнінде сұрақтар бар. Адам туралы жеке ақпарат жалпы сипаттамаларды, этномәдени сипаттамаларды, білім мен сауаттылықты, көші-қонды, неке жағдайын, туу, жұмыспен қамту, өмір сүру көздерін, тіршілік әрекетін шектеуді қамтиды.
Респонденттерге барлығы 91 сұрақ қойылады. Санақ парақтарына енгізілген мәселелер тізбесі айтарлықтай кеңейтілген. Бірақ олардың бәрі бірдей міндетті емес. Сұралмауы мүмкін қосымша нақтылау сұрақтары бар. Респонденттің жынысы мен жасына байланысты жауапты қажет ететін сұрақтардың саны өзгереді.
Халық санағы кезінде жиналған барлық ақпарат деректердің құпиялылығына кепілдік береді және тек жалпыланған түрде қолданылады.
Ұлттық халық санағын өткізу кезеңінде 1446 бірыңғай call-орталығы жұмыс істейді, қоңыраулар тегін.