Мeta бүгін қызметкерлерін жаппай жұмыстан босатпақ

10 ақпан, 2025
Ғани Атымтай Ғани Атымтай
Мeta бүгін қызметкерлерін жаппай жұмыстан босатпақ
Фото: investinassets.net

Meta Platforms келесі аптаның басында бірқатар маманды жұмыстан босатып, машиналық оқыту инженерлерін жалдамақ, деп хабарлады Elordainfo.kz. 

Reuters агенттігінің жазуынша, Meta-ның адам ресурстары бөлімінің басшысы Джанель Гейл қызметкерлерге жұмыстан босату туралы хабарламалар дүйсенбіден бастап жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 5-те жіберіленін мәлімдеген. Германия, Франция, Италия және Нидерландыдағы қызметкерлер жергілікті еңбек стандарттарына байланысты жұмыстан босатылады.

“Сонымен бірге Еуропа, Азия және Африканың оннан астам басқа елдеріне хабарламалар 11-18 ақпан аралығында жіберіле бастайды”, – делінген құжатта.

Meta өкілі бұл жарияланымдарға түсініктеме беруден бас тартты.

Өткен айда компания бос орындарды толтырып, "жұмыс істеу көрсеткіші төмен" қызметкерлердің шамамен 5%-ын қысқартуды жоспарлап отырғанын растады.

Мета дүйсенбіде кеңселерді ашық ұстауды жоспарлап отыр. 

Монетизация жөніндегі вице-президент Пэн Фан жұма күні жариялаған жеке жазбасында компанияға машиналық оқыту инженерлерін жалдайтынын мәлімдеді.

“Процесс 11 ақпаннан 13 наурызға дейін жалғасады”, – деді ол.