00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қытайдан тауарды жедел тасымалдайтын пойыз іске қосылды

Қытайдан тауарды жедел тасымалдайтын пойыз іске қосылды

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ интернет-дүкендерден сатып алынған тауарларды апта сайын тасымалдайтын транзиттік пойыз іске қосылғанын хабарлады, деп хабарлады Elorda.info Inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Интернет арқылы сатып алынған тауарлары бар тұрақты транзиттік шаттл-пойыз Үрімші (ҚХР) бағыты бойынша Алашаңқай – Достық шекаралық өткелі арқылы Ресей бағытында, сондай-ақ Өзбекстан мен Тәжікстанға қатынайтын болады. Тасымалдау ұйымдастырушысы – KTZ Express "Atasu Logistics" ЖШС. Жүкті межелі станцияға жеткізу мерзімі 7-10 күнді құрайды. Тұрақты қызмет көрсету жиілігі – апта сайын. Болашақта тасымалдау көлемі ұлғайса, шаттлдарды жөнелту жиілігі де ұлғаяды, деп жазылған ҚТЖ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.