АҚШ-та коронавирусқа байланысты төтенше жағдай ұзартылды
11 қаңтарда АҚШ Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа байланысты төтенше жағдайды ұзартты. Бұл миллиондаған америкалықтарға тегін тестілеуден өтуге, вакциналануға және ем алуды жалғастыруға мүмкіндік береді, деп хабарлады Elorda.info.
Reuters мәліметінше, алғаш рет АҚШ-та төтенше жағдай 2020 жылдың қаңтарында жарияланды, содан бері ол тоқсан сайын ұзартылды. Режим осы аптада аяқталуы керек еді.
Қараша айында Байден әкімшілігінің шенеуніктері тестілерді, вакциналар мен емдік заттарды сату үшін жеке нарыққа көшуге көбірек уақыт қажет екенін айтқан. Сондықтан қаңтардағы төтенше жағдайды жоймау туралы
АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталықтарының (CDC) мәліметінше, бүгінде күніне жүздеген адам коронавирустан көз жұмуда.
АҚШ-та тәуліктік көрсеткіш 2022 жылдың қаңтарындағы рекордтық көрсеткіштен әлдеқайда төмен. Алайда 4 қаңтардағы жағдай бойынша көрсеткіштер орта есеппен 67 мыңнан астамға дейін өсті.