Түркияда ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы ұлықталды
Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы алыс-жақын шетелде де кеңінен аталып өтіп жатыр, деп хабарлады Elorda.info.
Хабар24 жазуынша, әсіресе, түбі бір түркі жұрты ұлт ұстазын ұлағаттап, мазмұны мол шаралар ұйымдастырып келеді. Осындай игі басқосудың бірі VI ғасырлық тарихы бар Ыстамбұл университетінде өтті. Оған еліміздің Ғылым және жоғары білім министрлігі, ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы және Қазақстанның Түркиядағы елшілігі ұйытқы болды.
Түркітілдес елдерінде Ахмет Байтұрсынұлы өз деңгейінде насихатталып жатыр. Мысалы, жаңа қырғыз ғалымы қырғыздың күні бүгін қолданылып келе жатқан тілтану, әдебиеттану сөздері Ахмет Байтұрсынұлынікі екен тоқсан пайыз. Өзбек ғалымы да тура солай, Әзербайжан ғалымдары пән сөздері әдебиеттану, түркология және тілтанулық Ахмет Байтұрсынұлыныкі. Бұл күні бүгін 100 жыл бұрын жасалған еңбектері бүгінгі заманға сай әлі іске асып жатқанының үлкен дәлелі, - деді филология ғылымдарының докторы, профессор Айгүл Ісмақова.
Конференцияда ұлт ұстазының түркі әлеміне ортақ реформаторлық идеялары кеңінен талқыланды. Ахмет Байтұрсынұлының тек қазақ тілінде емес, күллі түркі тілдеріндегі термин жасаудағы елеулі үлес қосқаны айтылды. Ғалымның бірнеше тілге аударылған таңдамалы шығармалары мен «Ғасыр саңлағы» кітаптары қалың оқырманға таныстырылды.
Бүгінде біздің телеарналарда, газеттерде, радиода қолданып жүрген терминдердің көпшілігін Ахмет Байтұрсынұлы ойлап тапқан. Бұдан бөлек, түркітанушы, әдебиетші ғалымдарымыз да Ахмет Байтұрсынұлы ойлап тапқан терминдерді қолданады. Яғни бұл ғалымның қаншалықты маңызды тұлға екенін көрсетеді. Біз бүгінге дейін сол сөздердің түрікше баламасын табуда қиналамыз, - Муғла университеті түрік тілі мен әдебиеті факультетінің доценті Екрем Аян.