00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Тамақты дәмді етіп дайында!»: 64 жастағы ер адам келінінің басын кесіп алған

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Тамақты дәмді етіп дайында!»: 64 жастағы ер адам келінінің басын кесіп алған

Өзбекстанның Ферғана облысында 64 жастағы ер адам жанжалдан кейін келінінің басын кесіп тастады, деп хабарлады Elorda.info Радио Азатлык-қа сілтеме жасап. 

қанды оқиға 1 қазанда болған. Қайын атасы келініне «тамақты дәмді етіп дайындауды бұйырған». Жанжал кезінде келіні қолынан келетін тамақты жасайтынын және қандай болса да, барлығы жеуі керегін айтқан. Кейін әйел есікті қатты жауып, есіктің әйнегі сынып кеткен.

Тергеу нұсқасына сәйкес, қайын атасы келінінің бұл қылығына ашуланып, асүйде болған әйелдің желкесінен ұрған. Салдарынан келіні есінен танып қалған. Кейін таулы аймаққа алып барып, асүй пышағымен жерде жатқан келінінің «мойнынан кескен». Басын пакетке салып, Файзобод ауылындағы «Тожиали обод» шаруашылығының аумағындағы аршаға жасырған. Ал денесін қоқысқа лақтырып жіберген.

Күдікті қамауға алынған. Тергеу жалғасып жатыр. Оның үстінен «Қасақана кісі өлтіру» бабы бойынша іс қозғалған.