00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

АҚШ-тың қарызы 31,1 трлн-ға жетті

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
АҚШ-тың қарызы 31,1 трлн-ға жетті

АҚШ Қаржы министрінің мәліметі бойынша, мемлекеттік қарыз 31,1 трлн-ға жеткен, деп хабарлады Elorda.info «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Үкімет пандемия кезінде еңбек нарығындағы қиындықтарды еңсеріп, экономиканы тұрақтандыру үшін қомақты қарыз алған. Жұмыссыз қалған халыққа триллиондар таратылып, экономикада ақша тым көбейіп кеткен. Ақша көбейген соң барлық салада баға өсті. Бағаны тұрақтандыру үшін ұлттық қордағы алтынды пайдалана бастады.

Федералды бюджетке жауапты комитеттің есебі бойынша Джо Байденнің қазіргі  саясаты мемлекеттік қарызды алдағы он жылда тағы 4,8 триллион долларға еселеуі мүмкін.

Дональд Трамп әкімшілігі пайыздық мөлшерлеме қазіргіден анағұрлым төмен кезде қарыз алса, Байденнің басқаруындағы билік ең жоғары инфлияция мен пайыздық мөлшерлеме күрт көтерілген кезде де қарыз алып жатыр.

Федералды резерв жүйесі бағаны тежеу үшін пайыздық мөлшерлемені көтерген сайын қарыздың да қамыты қыса түседі. Осылайша, инфляция АҚШ тарихында қырық жылда болмаған деңгейге жеткен.