«Дағдарыстан шығуға жол ашу»: Ердоған Путинмен не үшін кездескенін айтты
25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
Режеп Тайып Ердоған 22 тамыз күні Министрлер кабинеті отырысында Владимир Путин мен Владимир Зеленскийдің кездесуін ұйымдастыруды мақсат тұтатынын айтты.
Біздің мақсатымыз – жақын арада Путин мен Зеленскийді біздің жерімізде кездестіріп, дағдарыстан шығуға жол ашу, – деді ол.
Ердоған келесі аптада Путинмен келіссөз жүргізетінін айтты. Мемлекет басшылары Запорожье АЭС-індегі жағдайды және Украина дағдарысын реттеу жолдарын талқылайды.
Ұқсас жаңалықтар