00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Анель, саудаң бітті»: Сыртқы істер министрлігі Лаостағы қазақ қызына қатысты пікір білдірді

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Анель, саудаң бітті»: Сыртқы істер министрлігі Лаостағы қазақ қызына қатысты пікір білдірді

Айта кетейік, біздің отандасымызға қауіп төніп тұрған жоқ, ол дипломаттармен және туыстарымен үнемі байланыста. Оның айтуынша, құжаттары мен телефонына тиіспеген, телефон мен интернет байланысын шектемеген, сондай-ақ, күш қолданбаған. Ол Тайландқа және одан әрі өз еркімен барған. Сондай-ақ, Анельдің айтуынша, жұмыс берушілер оның ұшуына, тұруына және басқа да шығындарына жұмсаған қаражаты өтелсе, жіберуге дайын, - деді ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Оқи отырыңыз: «Анель, саудаң бітті»: қазақстандық актриса Лаоста құлдықта жүр

Бұл мәселе Вьетнамдағы елшіліктің ерекше бақылауына алынған. СІМ және ҚР Вьетнамдағы елшілігі Анельдің үйіне оралуына көмектеседі.

Қазақстан СІМ азаматтардан шет елде жұмыс істеу үшін құжаттар мен келісімшарттарға қол қойылғанға дейін әрі шет елге шыққанға дейін бәрін мұқият зерделеуді, сондай-ақ, күтпеген жағдай туындамау үшін жұмыс берушілерді тексеруді сұрайды.