00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Мексикада 98 мигрант жүк көлігінің тіркемесінен табылды

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Мексикада 98 мигрант жүк көлігінің тіркемесінен табылды

«Хабар24» мәліметінше, орта жолда тастап кеткен тіркемеде 400-ге жуық адам болған деген дерек бар. Тар тіркемеде тынысы тарыла бастаған мигранттар шатырын бұзып, сыртқа секірген көрінеді. Жедел жәрдем өкілдерінің айтуынша, көбі тобығы мен тізесінен жарақат алған. Бір адам ес-түссіз күйінде табылды. Қазір мексикалық сарбаздар тіркеме табылған маңнан жан-жаққа босып кеткен мигранттарды іздеп жатыр.