00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

ДДСЖ маймыл шешегін пандемия деп жариялады

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
ДДСЖ маймыл шешегін пандемия деп жариялады

Ұйым маймыл шешегінің өршуін жаһандық маңызы бар төтенше жағдай деп таныды. Қазіргі уақытта 58 елде жұқтыру жағдайлары анықталды, олардың жалпы саны 3 417-ден асты, ал инфекцияның таралу қарқыны апта сайын артып келеді.

ДДСЖ теріс салдарды азайту үшін вирус қай жерде болса, сол жерге жедел шаралар қабылдау керек екенін атап өтті.

Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бейсенбіде, яғни 23 маусымда маймыл шешегінің өршуінің жаһандық қаупін бағалау үшін Төтенше комитетті шақыратыны белгілі болды.

Ұйымның бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус алдыңғы өршулермен салыстырғанда, маймыл шешегі вирусының қазіргі нұсқасының ерекше екендігін, сондықтан вирусологтардың бұған ерекше назар аудару керектігін атап өтті.