Қырғызстанда 13 жастағы қызға найзағай түсті
25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
Бұл туралы Қырғызстанның Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Қайғылы оқиға №3 қалалық мектептің жанында болған.
13 жастағы оқушы қыз найзағай соғып, сол жерде көз жұмды. Тағы бір 13 жасар қыз бен 17 жастағы жасөспірім Токмок аумақтық ауруханасына жеткізілді, – деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.
Ведомствоның мәліметінше, зардап шеккендер жансақтау бөлімінде жатыр. Олардың жағдайы тұрақты.
Ұқсас жаңалықтар