00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Түркіменстан Президентінің жылқысына ескерткіш қойылады

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Түркіменстан Президентінің жылқысына ескерткіш қойылады

Ақалтеке жылқыларының даңқын – халықтың ұлттық мақтанышын дәріптеу үшін Түркіменстан президенті Ақалтеке уәлаятының хякимлигіне атақты Ақхан жылқысы мүсінінің монументін жобалау және салу үшін Sportontyldyzy жеке кәсіпорнымен келісімшарт жасасуға рұқсат беру туралы қаулыға қол қойды, - делінген Түрікменстан Үкіметінің сайтында.

Ескерткіш биыл мамырда салынып, жыл соңына дейін аяқталуы керек.

Ақхан атты жылқы Түрікменстанда аңызға айналған. Оны Түрікменстанның экс-президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтың өзі баптаған.