АҚШ-та шошқа жүрегі трансплантацияланған науқастан вирус табылды
Stan.kz жазғандай, жануардың жүрегін адамға трансплантациялау әлемде бірінші рет болған. 7 қаңтарда жүрегін ауыстырған 57 жастағы Дэвид Беннет ота соң екі ай уақыттан кейін қайтыс болған.
Мэриленд университетінің дәрігерлері органнан герпесвирустар тұқымдасына жататын шошқа цитомегаловирусы табылғанын хабарлады.
Оқи отырыңыз: Тұңғыш рет адамға шошқаның жүрегін орнатты (ВИДЕО)
Дегенмен, зерттеушілер вирус Беннетттің өліміне себеп болған инфекцияны тудыратын белгілер таппағанын айтты.
Тағы оқыңыз: Шошқаның жүрегін алғаш рет трансплантациялаған ер адам қайтыс болды
Ол вирус жай өтпелі болуы мүмкін, – деп түсіндірді операция жасаған хирург Бартли Гриффит.
Органмен қамтамасыз еткен биотехнологиялық Revivicor компаниясы түсініктеме беруден бас тартты.