00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Алматыдан Бодрумға рейстер қайта басталады

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Алматыдан Бодрумға рейстер қайта басталады

Рейстер Алматыдан аптасына екі рет – сейсенбі және жұма күндері орындалатын болады. Билеттерді брондау әуекомпанияның ресми сайтында, сондай-ақ агрегаторларда қолжетімді.

Түркияға келген 12 жастан асқан барлық жолаушы мына құжаттардың бірін ұсынуы керек:

  • ПТР-тестінің теріс нәтижесі бар анықтама (сынаманы алған сәттен бастап Қазақстаннан рейстің жоспарланған ұшу уақытына дейін 72 сағаттан аспаған) қағаз немесе электрон нұсқада ағылшын немесе түрік тілінде;
  • соңғы 48 сағат ішінде жасалған антигенге жедел тест;
  • Түркияда бекітілген (Pfizer, Sputnik V, CoronaVac, Astra Zeneca, CanSino, Biologics, Johnson&johnson, Moderna, Novavax, Sinopharm, Sinovac) немесе ДДСҰ бекіткен (Pfizer, Sputnik V, SinoVac, Moderma, Johnson&johnson, AstraZeneca, CoviShield, Sinopharm) препаратымен вакциналаудың толық курсын өткенін растайтын вакциналау сертификаты немесе паспорты. Вакцина Түркияға келгенге дейін кем дегенде 14 күн бұрын алынуы керек. Вакцина паспортында вакциналау туралы мәліметтер ағылшын тілінде болуы керек.